Қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері Польшадағы турнирде алғашқы медальдарға қол жеткізді

Қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері Польшадағы турнирде алғашқы медальдарға қол жеткізді

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Варшавада (Польша) өтіп жатқан ірі халықаралық турнирді қос қола медальмен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеңіс тұғырының үшінші сатысына Диас Қалтай (72 келіге дейін) мен Ерзат Ерланов (97 келіге дейін) көтерілді.

31 шілдеде бозкілемге 55, 60, 63 және 67 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар шығады.

Айта кетейік, бұл жарыста Қазақстан атынан грек-рим және әйелдер күресі командалары бақ сынап жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или