Алматыда жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» іріктеу турнирі өтеді

4-9 тамыз аралығында Алматы қаласындағы кортта тарихта екінші рет Roland Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia іріктеу турнирі өтеді Prosports.kz.
Бұл жарысқа Орталық және Батыс Азия елдерінен 16 жасқа дейінгі ең үздік 16 теннисші қатысады.
Іріктеу финалистері қазан айында Жапонияда өтетін турнирге жолдама алып, 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турнирінің негізгі кезеңіне берілетін жалғыз жолдама үшін бақ сынайды.
Биыл Өзбекстан, Қырғызстан, Иордания, Иран, Сауд Арабиясы және Түрікменстаннан келген жас дарындар париждік топырақта өнер көрсету құқығы үшін күреседі.
Қазақстан атынан бұл беделді турнирде Родион Трайгель, Мансұр Саинов, Ратмир Пулькевич, Аңсар Ниетқалиев, Даниэль Юрекли, Еркежан Жанатаева, Әдия Омарбек, Ляйсан Нұрышева, Каролина Лигай, Гаухар Ақтан, Зинира Жүнісова және София Малышева ел намысын қорғайды.