Сора Рахмонова отбасындағы ауыр жағдайдан кейін үн қатты

Сора Рахмонова отбасындағы ауыр жағдайдан кейін үн қатты

Қоян-қолтық ұрыстан әлемнің үш дүркін чемпионы Сора Рахмонова бауыры – UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың отбасында болған қайғылы жағдайдан кейін алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Жамбыл облысында орын алған жол апатынан кейін Instagram парақшасында жазба жариялап, қолдау білдірген жұртқа алғыс айтты.

«Ағамның отбасындағы жағдайға алаңдап, хабарласып жатқан барлық жанға Алла разы болсын. Ешкім мұндай сынаққа ұрынбасын. Ертең не боларын бір Алла біледі... Жеңгемді Алла өзі сақтасын! Ол бір күнде екі бірдей жақынынан айырылып, өзі де жарақат алды», – деп жазды Сора Рахмонова 30 шілде күні Instagram Stories-те.

Еске салайық, 27 шілдеде Алматы – Екатеринбург тас жолында ірі жол апаты тіркеліп, екі адам қаза тапты. Тағы екі жолаушы, соның ішінде Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен баласы ауруханаға жеткізілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или