Қазақстандық боксшы Қытайда жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Қытайда жекпе-жек өткізеді

Қыркүйектің 5-і күні Қытайдың Сучжоу қаласында қазақстандық боксшы Елшат Нығметолла жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Irfin Promotions промоутерлік компаниясының хабарлауынша бұл «Sports Center» аренасында өтетін кештің басты жекпе-жегі болады.

Қазақстандық боксшының қарсыласы IBO нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Тибо Монабеса болады.

Нығметоллада қазір 21 жеңіс (оның 8-і нокаутпен) және екі тең жекпе-жегі бар. Монабесада 22 жеңіс (сонымен қатар 8 нокаут) және 2 жеңіліс бар.

Елшат бұған дейін 3 мамырда Бангкок қаласында, намибиялық боксшы Филлемон Нгутенаньемен кездесіп, жекпе-жегі, тең аяқталған болатын.

Назым Қызайбай көпбалалы отбасыларға қаржылай көмек көрсетті

Жәнібек Әлімханұлының белбеуіне міндетті үміткер анықталады

22 жасқа дейін Қазақстан құрамасының бапкері шәкірттеріне 40 келі қазы сатып алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или