«Елімай» ойыншысы алдағы «Оқжетпеске» қарсы матчқа қатыспайды

«Елімайдың» 24 жастағы уругвайлық қорғаушысы Кевин Ролон алдағы 19-турдағы «Оқжетпеске» қарсы ойынға қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
18-турдағы «Жетісуға» қарсы ойында (3:0) Кевин Ролон биылғы маусымда төртінші рет ескерту алды. Ол алдағы «Оқжетпеске» қарсы матчқа қатыспайды.
Жалпы, Кевин Ролон биылғы чемпионатта 15 кездесу өткізіп, 1 гол соқты.
Айта кетейік, «Оқжетпестің» қорғаушылары Арсен Әшірбек пен Санжар Сатанов та бұл кездесуге қатыса алмайды.
Рамазан Кәрімов «Зимбруға» қарсы қарымта матч жайлы пікірін айтты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или