Жәния Бекмұхамбетова мен Олег Яковлев ITTF World Hopes Week and Challenge турнирінің іріктеу кезеңіне қатысады

Қазіргі уақытта Вьентьян (Лаос) қаласында 2025 жылғы ITTF Asia Hopes Week and Challenge атты халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр.
Аталған жиынға үстел теннисінен Иран, Үндістан, Қазақстан, Лаос, Малайзия, Мальдив, Сингапур, Таиланд, Шри-Ланка және Жапония елдерінің өкілдері қатысып жатыр.
Алты күнге созылатын жиын барысында қатысушылар халықаралық сарапшы, жапониялық маман Дайсуке Исида жетекшілігімен техникаларын жетілдіріп, әдіс-тәсілдер мен ойын стильдерін талдайды. Сонымен қатар іріктеу турнирі өткізіліп, оның жеңімпаздары ITTF World Hopes Week and Challenge әлемдік додасына жолдама алады. Жолдама саны – алты (ұлдар арасында – 3, қыздар арасында – 3).
Қазақстан атынан бұл жиынға Жәния Бекмұхамбетова мен Олег Яковлев қатысып жатыр. Сонымен қатар жаттықтырушылар Юлия Даниярова мен Татьяна Ким де ұлттық құрамамен бірге Лаосқа барған.
Рыбакинаның WTA 1000 National Bank Open турниріндегі кездесуінің тікелей трансляциясы
Тимофей Скатов Германиядағы турнирде жеңіліп қалды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Цинциннатидегі турнирге қатыспайтын болды