Самородов пен Әліптің командасы Ресей кубогында кездесті

Самородов пен Әліптің командасы Ресей кубогында кездесті

Ресей кубогы топтық кезеңінің бірінші туры аясында Санкт-Петербургтің «Зенит» командасы сырт алаңда грозныйлық «Ахматпен» кездесіп, 2:1 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ахмат» (Грозный, Ресей) – «Зенит» (Санкт-Петербург, Ресей) – 1:2

Гол соққандар: Мохамед Конате 83 (пенальти) – Арсен Адамов 3, Лусиано Гонду 8.

«Ахматтың» қазақстандық шабуылшысы Максим Самородов пен «Зениттің» қазақстандық қорғаушысы Нұралы Әліп негізгі құрамда алаңға шықты. Екі ойыншы да 90-минут өнер көрсетті.

Нұралы Әліп петерборлық команданың капитаны ретінде шықты.

«Зенит» РПЛ-дағы келесі ойынын ЦСКА-ға қарсы өткізеді, ал грозныйлық команда Махачкаланың «Динамосымен» сырт алаңда кездеседі.

Нұралы Әліпке команда ауыстыру ұсынылды

Бактиер Зайнутдинов мәскеулік команда сапындағы алғашқы матчын өткізді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или