Флик Араухоның «Барселонадағы» болашағына қатысты пікір білдірді

Флик Араухоның «Барселонадағы» болашағына қатысты пікір білдірді

«Барселона» бас бапкері Ханс-Дитер Флик қорғаушы Рональд Араухоның болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін каталониялық клуб уругвайлық футболшыны сатуға қойғаны жайлы ақпарат тараған болатын. Оған Сауд Арабиясынан қызығушылық білдірген клубтар бар екені де айтылған.

«Араухо туралы әрқашан көп әңгіме болады, бірақ менде оның кеткісі келетініне қатысты ешқандай жаңалық та, белгі де жоқ. Рональд жайлы әңгіме пайда болғанына өзім таңғалдым», – деді неміс маманы.

Араухо «Барселона» сапында 2020 жылдан бері ойнап келеді. Өткен маусымда ол командасы сапында 25 матч өткізіп, екі гол мен екі нәтижелі пас берді. Футболшының каталониялық клубпен келісімшарты 2031 жылдың маусымына дейін есептелген. Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын 35 миллион еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или