Месси МЛС-тің шілде айындағы үздік футболшысы атанды

«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси шілде айының қорытындысы бойынша МЛС-тің үздік футболшысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі лиганың ресми сайтына сілтеме жасап.
Шілде айында аргентиналық шабуылшы бес матчта сегіз гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Осы кезеңде Флорида штатының командасы Мессимен «Клёб де Фут Монреальды» 4:1, «Нью-Инглэнд Революшнды» 2:1, «Нэшвиллды» 2:1 есебімен жеңсе, «Цинциннатиден» 0:3 есебімен жеңілді. Сондай-ақ «Нью-Йорк Ред Буллзды» 5:1 есебімен жеңді. Ал Месси алаңға шықпаған ойында «Интер Майами» «Цинциннатимен» 0:0 есебімен тең түсті.
Қазіргі таңда «Интер Майами» Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 42 ұпаймен бесінші орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или