«Атырау» сапына 18 жастағы вингер қосылды

«Атырау» футбол клубы 18 жастағы шабуылдаушы вингер Нұрдәулет Орынбасармен келісімшарт жасасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Нұрдәулет Орынбасар – «Атырау» футбол клубының кезекті жаңа ойыншысы!
18 жастағы шабуылдаушы вингер Нұрдәулет Орынбасар «Тараз» футбол клубынан маусым соңына дейін жалға алынды.
Жамбылдық клуб құрылымында былтыр Нұрдәулет QJ League біріншілігінің 17 матчына қатысып, 15 голымен көзге түскен. Болашағынан көп үміт күттіретін жас дарын 2024 жылғы QJL маусымының «Үздік шабуылшысы» атағын жеңіп алды. Сондай-ақ сербиялық «Црвена Звезда” жастарына қарсы QJL All Star құрамасына енді.
Биыл жартылай қорғаушы «Тараздың» негізгі командасына ауысып, Бірінші лигада дебют жасады. 16 және 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасында өнер көрсеткен», - делінген клуб мәлімдемесінде.