Қазақстанның бірінші ракеткасы Цинциннатидегі турнирге қатыспайтын болды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Цинциннатидегі турнирге қатыспайтын болды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик тағы бір «мыңдық» турниріне қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін әлемнің 25-ракеткасы Торонто қаласындағы «Мастерс» турниріне қатыспайтынын мәлімдеген болса, енді 2025 жылғы 5–18 тамыз аралығында өтетін АҚШ-тың Цинциннати қаласындағы «Мастерс» жарысына да қатыспайтынын жариялады.

Сондай-ақ Цинциннати турниріне әлемнің 57-ракеткасы — италиялық Маттео Берреттини де қатыспайды. Екі теннисшінің жарысқа не себепті қатыспайтыны ресми түрде хабарланған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или