«Тобыл» сапына беларусьтік футболшы қосылды

«Тобыл» сапына беларусьтік футболшы қосылды

Қостанайлық «Тобыл» футбол клубы беларусьтік қорғаушы Егор Хвалькомен келісімшарт жасасқанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Егор Хвалько – «Тобыл» ойыншысы.

Беларусь елінің футболшысы «сары-жасылдар» құрамын толықтырды.

Егор Хвалько 1997 жылдың 18 ақпанында Брест өңірінде дүниеге келген. Мансабын Гродноның «Неман» клубында бастаған.

Кәсіби мансабында «Лида», «Дняпро», «Арсенал» сынды клубтарда тәжірибе жинады. 2022 жылы Әзірбайжанның «Кяпаз» клубына ауысып, үш маусым өткізді. Команда капитаны болды. Ол сондай-ақ Беларусь жасөспірімдер және жастар құрамаларында ойнап, халықаралық жарыстарға қатысқан», - делінген клуб хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или