Грек-рим күресінен ӘЧ: Жанажол Қуанышбек чемпион атанды

Грек-рим күресінен ӘЧ: Жанажол Қуанышбек чемпион атанды

Грек-рим күресінен жастар арасындағы Қазақстан құрамасының өкілі Жанажол Қуанышбек Афинада (Грекия) өткен 17 жасқа дейінгі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық балуан 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Финалдық белдесуде Қуанышбек қырғызстандық Нуркерим Кумарбековты жеңді.

Бұған дейін Нұрдәулет Құмарұлы (48 кг) мен Нұрәлі Асқар (55 кг) күміс медаль иеленсе, Шамиль Досбол (65 кг) қола жүлдені жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или