Үстел теннисінен қазақстандық төреші 2026 жылғы Азия ойындарында төрелік етеді

Үстел теннисінен қазақстандық төреші 2026 жылғы Азия ойындарында төрелік етеді

Қазақстандық жоғары санатты халықаралық төреші Тимур Ходжаев 2026 жылы Жапонияда ұйымдастырылатын Азия ойындарында үстел теннисінен өтетін кездесулерде төрелік етеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, қазақстандық маманның төрешілер құрамына енгені туралы Азия үстел теннисі одағы (ATTU) Қазақстан үстел теннисі федерациясына ресми түрде хабарлаған.

Сонымен қатар халықаралық санаттағы төрешілер – Гүлназ Жалалдин мен Рустам Мирасланов 2026 жылғы Азия пара ойындарында қызмет атқарады. 

Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или