Қазақстан семсерлесушілері командалық сайыста қола медаль еншіледі

Қазақстан семсерлесушілері командалық сайыста қола медаль еншіледі

Семсерлесуден Тбилисиде жалғасып жатқан жаһандық доданың соңғы күнінде сапы сайысынан сынға түскен Кирилл Проходов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов және Эльмир Әлімжанов төрттігі қола медаль еншіледі,  деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшылар үшінші орын үшін өткен бәсекеде тоғыз дүркін Олимпиада чемпионы (1908, 1924, 1932, 1948, 1980, 1988, 2004, 2008, 2016) Францияны 45:31 есебімен жеңді.

Қос құрама 2023 жылдың ширек финалында да жолығып, Францияның бағы жанған еді. Сол сәттегі көрсеткіштеріміз жігіттеріміздің ең жоғарғы нәтижесі ретінде тіркелген еді.

Осылайша, Франция үш әлем чемпионатынан кейін жүлдесіз қалып отыр. Олар 2019, 2022 жылдары алтын медаль және 2023 жылы күміс медаль алған.

Айта кетейік, әлем чемпионатындағы бұл жүлде - семсерлесуден ел тарихындағы командалық бәсекелерде жеңіп алған алғашқы медаль. Ал Руслан Курбанов жекелей сында медаль алған жалғыз спортшы. Ол 2023 жылы Миланда өткен әлем чемпионатында қолаға ие болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или