Нұралы Әліпке команда ауыстыру ұсынылды

Нұралы Әліпке команда ауыстыру ұсынылды

«Зениттің» бұрынғы бас бапкері Властимил Петржела BorodAbata.kz порталына берген сұхбатында Нұралы Әліптің қазіргі жағдайына пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әліп «Зениттің» негізгі құрамына іліге алмай жүргендіктен, басқа клуб іздегені дұрыс. Меніңше, оны Санкт-Петербургте ұстап тұрған – ақша. Қазақстанда дәл солай төлей қоймас еді. Егер мен Нұралының орнында болсам, кетіп қалар едім», – деді Петржела.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп «Зенит» сапына 2023 жылы ауысқан болатын. Ол Ресей премьер-лигасындағы соңғы толық кездесуін 2024 жылдың қарашасында өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или