Қазақстандық төреші 2026 жылғы Азия ойындарында төрелік етеді

Қазақстандық төреші 2026 жылғы Азия ойындарында төрелік етеді

Қазақстандық жоғары санатты халықаралық төреші Тимур Ходжаев 2026 жылы Жапонияда ұйымдастырылатын Азия ойындарында үстел теннисінен өтетін кездесулерде төрелік етеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның төрешілер құрамына енгені туралы Азия үстел теннисі одағы (ATTU) Қазақстан үстел теннисі федерациясына ресми түрде хабарлаған.

Сонымен қатар халықаралық санаттағы төрешілер – Гүлназ Жалалдин мен Рустам Мирасланов 2026 жылғы Азия пара ойындарында жұмыс істейді.

Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или