Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Грузияның Тбилиси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
Семсер қаруымен айқасудың ширек финалында отандастарымыз Италия құрамасынан басым түсті.
Тартысты өткен кездесуде қазақстандықтар 45:43 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, 1/8 финалда Қазақстан құрамасы Қытайды, ал 1/16 финалда Ресей құрамасын жеңген болатын.
Жартылай финалда жерлестеріміз Жапониямен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или