«Басқа деңгейде». «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы жорығы жалғасады

Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде алматылық «Қайрат» Братиславаның «Слован» клубымен кездеседі. Аталған ойында қазақстандық команданың мүмкіндігі туралы танымал бапкер Дмитрий Огай Prosports.kz тілшісіне пікір білдірді.
«Шыны керек, «Слованның» ойынын көрген жоқпын. Бірақ бас бапкері Владимир Вайсс қай жерде жұмыс істесе де, сол командалар шабуылға бейім болады – «Қайратта» да, Раменскідегі «Сатурн» сапында да солай болған. Меніңше, бұл команда «Олимпия» мен КуПС-қа қарағанда мықтырақ шығар», – деді ол.
Сонымен қатар Огай алда не болатынын дөп басып айту қиын екенін айтты. «Футболда неше түрлі жағдай болады. Кейде барлығы ойын күні шешіледі. Ойыншылардың бәрі сау бола ма, басқа факторлар әсер ете ме – белгісіз», – деді маман.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или