Михаил Кукушкин Порту турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Португалияның Порту қаласында өтіп жатқан турнирдің алғашқы айналымынан сәтті өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол алғашқы матчта ресейлік Аслан Карацевті 7:6, 6:4 есебімен жеңді. Қарсыласу 1 сағат 46 минутқа созылды. Айта кетейік, 31 жастағы Карацев бұған дейін әлемнің топ-15 теннисшісінің қатарына енген және Токио Олимпиадасында аралас жұптық сында күміс жүлде алған спортшы.
Енді Кукушкин 1/8 финалда швед теннисшісі Элиас Имермен (рейтингі – 232) кездеседі. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 145 250 еуро. Чемпион 20 630 еуро мен 100 рейтинг ұпайына ие болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или