Теннисші Елена Рыбакина Монреальда өтіп жатқан ірі турнирдің үшінші кезеңіне жолдама алды

Теннисші Елена Рыбакина Монреальда өтіп жатқан ірі турнирдің үшінші кезеңіне жолдама алды


Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Монреальда (Канада) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің екінші кезеңінде жеңіске жетті.

Жерлесіміз бұл кезеңде АҚШ өкілі Хейли Баптистпен өзара мықтыны анықтады.

Матч 1 сағат 13 минутқа созылып, Рыбакина жалпы есепте 6:4, 6:3 есебімен қарсыласынан басым түсті.

Келесі айналымда отандасымыз румыниялық Жаклин Кристианмен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или