«Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші кезеңіне алғаш рет шықты

Алматылық «Қайрат» клубы тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Sports.kz.
Бұл кезеңде қазақстандық команда Словакияның «Слован» клубымен кездеседі. Қарсылас босниялық «Зриньскиден» басым түскен. Алғашқы матч 5 немесе 6 тамызда Алматыда өтеді, ал қарымта кездесу 12 тамызға жоспарланған. Ойын Братиславада болады.
Еске салайық, «Қайрат» жаңа еуромаусымды Словенияның «Олимпиясынан» 3:1 есебімен басым түсіп бастаған. Екінші кезеңде финдік КуПС командасына қарсы тартысты матчта 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Сонымен қатар, алматылық клуб Еуропа бәсекелерінің топтық кезеңіне жолдаманы алдын ала қамтамасыз етіп қойды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или