2026 жылғы әлем чемпионатының жеребесі Лас-Вегаста өтеді

2026 жылғы әлем чемпионатының жеребесі Лас-Вегаста өтеді

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жеребесі АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ESPN арнасы мәлімдеді. Алдын ала ақпарат бойынша, рәсім 5 желтоқсанға жоспарланған. Мексиканың Пачука қаласы мен Идальго штаты атынан қатысатын өкіл Седильо: «Жеребе желтоқсанның басында өтеді деп ойлаймын. Ол Лас-Вегаста болады, біз сол жерде өз қаламыз бен екі стадион туралы мәлімет беруіміз керек», – деді.

Айта кетейік, чемпионаттың ойындары Лас-Вегаста өткізілмейді.

2026 жылғы турнир 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Бұл жолы жарысқа алғаш рет 48 ұлттық құрама қатысады. Бұған дейін 32 команда өнер көрсететін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или