Путинцева Канадада өтіп жатқан турнирінде сәтсіз өнер көрсетті

Қазақстан құрамасының теннисшісі Юлия Путинцева Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің екінші айналымына өте алмады.
Бірінші айналымда ол Қытай өкілі Ханьюй Гомен кездесіп, екі сетте де жеңіліп қалды. Кездесу 6:3, 6:3 есебімен қытайлық теннисшінің пайдасына аяқталды.
Осылайша, турнирде Қазақстан атынан сынға түсіп жатқан жалғыз спортшы – Елена Рыбакина қалды. Ол жарысты екінші айналымнан бастайды. Қарсыласы – АҚШ өкілі Хейли Баптист.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или