Бақтиер Зайнутдинов жаңа клубқа не үшін ауысқанын түсіндірді

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов Мәскеудің «Динамо» клубына ауысуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Динамо» отбасына қосылғаныма өте қуаныштымын. Жігіттер мені жылы қарсы алды. Командадағы бес-алты футболшыны танимын. Солармен қайта қауышқаныма қуаныштымын. Валерий Карпиннің ойыншыларға беретін жүктемесі әртүрлі, өте қарқынды жаттығулар жасатады. Оқу-жаттығу жиынына қатысып, бірте-бірте қалыпқа келудемін. «Динамо» амбициясы бар клуб болғандықтан осында ауысып келдім. Мен жоғары орындар үшін күрескім келеді. Чемпион атану арманым десе де болады», - деді Зайнутдинов.
Айта кетейік, Бақтиер Зайнутдинов жаңа клуб сапындағы алғашқы матчын өткізуі мүмкін. «Динамо» бүгін Ресей кубогы аясында «Сочимен» кездеседі.