Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы АҚШ-та өтетін беделді турнирге қатысады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы АҚШ-та өтетін беделді турнирге қатысады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина 7–10 тамыз аралығында АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Норвуд қаласында өтетін ISU Cranberry Cup International 2025 халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ISU-дың ресми сайты хабарлады.

Қазақстандық спортшы биыл Төрт құрлық чемпионатында жетінші орын алып, әлем чемпионатында 14-орынға табан тіреп, 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға жолдама иеленді. Сонымен қатар, ол Қазақстан Спартакиадасының жеңімпазы атанып, маусым қорытындысы бойынша ISU рейтингінің топ-20 қатарына енді.

Айта  кетейік, Самоделкина бұрын Ресей атынан өнер көрсеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или