Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Грузияның Тбилиси қаласында семсерлесуден әлем чемпионатының кезекті жарыс күні басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін, 29 шілдеде семсер қаруымен айқасудан командалық жарыстар өтуде.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын 1/16 финал кезеңінен бастады. Бұл кезеңде біздің спортшылар Ресей командасымен кездесіп, жеңіске жетті.
Кирилл Проходов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов және Эльмир Әлімжанов қарсыластарын 45:35 есебімен ұтты.
Келесі айналымда қазақстандық семсерлесушілер Қытай құрамасымен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или