Роналдудың командасы «Челси» ойыншысына қызығушылық танытып отыр

Роналдудың командасы «Челси» ойыншысына қызығушылық танытып отыр

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду ойнайтын Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубы «Челсидің» сол қапталдағы қорғаушысы Марк Кукуреллаға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Championat.com-ға сілтеме жасап.

Marca басылымының хабарлауынша, клуб қазірдің өзінде Кукурелланың трансфері үшін лондондықтарға ұсыныс жасауға дайындалып жатыр. Мәміленің нақты мәліметтері белгісіз болғанымен, дереккөз бұл «бас тарту қиын болатын» ұсыныс болатынын атап өтті.

Сонымен бірге, Кукурелла Премьер-Лигада қалуға дайын екені хабарланды, бірақ саудиялық клуб оған команданың негізгі ойыншыларының бірі рөлін ұсынуға дайын.

Дегенмен, «Челсидің» бас бапкері Энцо Мареска Кукурелланы команда үшін маңызды ойыншы ретінде қарайды деп мәлімдейді.

Айта кетейік, «Аль-Наср» Жоао Феликстіңде трансферін қарап жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или