«Арсенал» Зинченко мен Троссарға қатысты шешім қабылдады

Лондондық «Арсенал» Александр Зинченко мен Леандро Троссардың болашағына қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Transfer News Live мәліметінше, «канонирлер» украиналық пен бельгиялық футболшыны командада қалдырады – олар бойынша кез келген ұсыныстан бас тартылады.
28 жастағы Зинченко мен 30 жастағы Троссардың қазіргі келісімшарттары 2026 жылдың ортасына дейін есептелген. Зинченко «Арсенал» сапында 91 матч өткізіп, 3 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген. Ал Троссар 124 ойынға қатысып, 28 гол мен 23 ассист жасаған.
Англияның өткен чемпионатында «Арсенал» екінші орын иеленген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или