Әли Ахмедов рингке қашан оралады?

Әли Ахмедов рингке қашан оралады?

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (23-2, 17 КО) келесі жекпе-жегін 5 қыркүйекте Алматыда өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық спортшы 26 жастағы Танзания өкілі Джозеф Майгвисиямен (14-4, 10 КО) кездеседі.

«Ali Akhmedov Promotion турнирінің басты жекпе-жегі 5 қыркүйекте өтеді.

Әли Ахмедов кәсіпұой рингте 18 жекпе-жек өткізген тәжірибелі қарсыласымен кездеседі. Бұл кездесу тартысты әрі қызықты болмақ», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ахмедов кейінгі жекпе-жегін 28 ақпанда Астанада өткізіп, польшалық боксшы Мацей Сулецкийден техникалық нокаутпен жеңіліп қалған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или