Елдос Сметов Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға қатысады

Елдос Сметов Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға қатысады

Қазақстандық дзюдошы, Олимпиаданың үш дүркін жүлдегері Елдос Сметов 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы даңқты спортшы Instagram парақшасында жазды.

Белгілі спортшы бір жыл бұрын өзінің ең үлкен арманына қол жеткізіп, Олимпиада чемпионы атанғанын атап өтті. Сметов өз жазбасында үш Олимпиаданың әрқайсысы өмірінде ерекше орын алатынын айтып, бірақ Париждегі алтын медальдің орны бөлек екенін жеткізді.

«Бүгін мен үшін тарихи күн де келіп жетті. Осыдан тура 1 жыл бұрын арманыма қол жеткізіп, Олимпиада чемпионы атандым. Үш Олимпиаданың әрқайсысының орны бөлек. Бірақ Париж Олимпиадасының алтыны ардайым биік болып қала береді.

Қаншама маңдай тер мен еңбектің ақталған күні. Барлық марапатымның шыңы.Сәтсіздіктер мен қиындықтар қатар жүрген жолды еңсерген күн. Арманға жету жолында біз көп нәрседен бас тарттық, көп нәрсені тәрк еттік, көп тәуекплге бардық.Дәл осындай қуанышты, дәл осылай арманды барлық спортшы бағындыруына тілектеспін!Олимпиада алтынынан кейін ғана мен өмірімді өзіме, отбасыма, жақындарыма арнай бастадым.

Париж алтыны біз алмайтын қамал жоқ екенін көрсетті. Дәл осы жеңісімді 2028 жылы Лос-Анджелесте қайталағым келеді».

Еске салайық, келесі жазғы Олимпиада ойындары 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или