ФИФА Қазақстанға 100 жаңа шағын футбол алаңын салады

ФИФА Қазақстанға 100 жаңа шағын футбол алаңын салады

Қазақстан футбол федерациясы Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) бастамасымен FIFA Arena әлемдік инфрақұрылымдық жобасына қатысатын 11 елдің бірі болып таңдалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жоба аясында Қазақстан мектептерінде заманауи талаптарға сай 100 шағын футбол алаңы салынады.

FIFA Arena бағдарламасында әлем бойынша 1000 мектеп алаңы салынады деп жоспарланған. Әрбір алаңның өлшемі – 20 х 40 метр және ФИФА бекіткен соңғы техникалық талаптарға сай болмақ. Бұл бастама балалар мен жасөспірімдерге қолжетімді, қауіпсіз әрі сапалы инфрақұрылым қалыптастыруды көздейді.

FIFA Arena жобасы бойынша жасанды жамылғының жаңа түрі қолданылады. Бұл алаңда резеңке ұнтағы қолданылмайды, сондықтан экологиялық жағынан тиімді, күтіп-баптау жеңіл және балалар үшін қауіпсіз болмақ.

Мектептер тізімі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп бекітіледі. Жасыл алаңдардың құрылысы екі жыл ішінде аяқталмақ. Алғашқы нысандар Хромтау мен Көкшетау қалаларында бой көтереді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или