Қазақстандық дзюдошылар Ұлан-Батырда өткен Grand Slam сериясын жүлдесіз аяқтады

Қазақстандық дзюдошылар Ұлан-Батырда өткен Grand Slam сериясын жүлдесіз аяқтады

Ұлан-Батырда (Моңғолия) дзюдодан Grand Slam сериясындағы ірі халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған додада ел намысын сегіз спортшы қорғады. Алайда олардың ешқайсысы жүлдеге қол жеткізе алмады.

Командадағы ең үздік нәтижені Бауыржан Нарбаев (66 келіге дейін) пен Ермахан Әнуарбеков (90 келіге дейін) көрсетті. Екеуі де турнирді бесінші орынмен аяқтады.

Ал Толғанай Әбеуова (52 келіге дейін) жетінші орынды қанағат тұтты.

Көршілес Өзбекстан құрамасы бір алтын, бір күміс медаль еншілеп, жалпы есепте төртінші орынға тұрақтаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или