Асу Алмабаевтың келесі қарсыластары туралы сөз қозғалды

Танымал инсайдер, Eurosport Nederland журналисі және Tapology.com редакторы Марсель Дорфф Асу Алмабаевтың (22–3) UFC-дегі келесі қарсыластары кім болуы мүмкін екенін айтып өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
— Алмабаев Джошуа Ванмен немесе Брэндон Ройвалмен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, бірақ бұл жақын арада болады деп ойламаймын. Ван Алешандре Пантожамен кездеседі, ал Ройвал топ-5-тегі біреумен айқасуы мүмкін. Алмабаев үшін Әмір Әлбази немесе Тацуро Тайрамен болатын жекпе-жектер мағыналы болар еді, — деді инсайдер.
Айта кетейік, 27 шілдеде Абу-Дабиде өткен UFC on ABC 9 турнирінде қазақстандық жеңіл салмақтағы файтер Асу Алмабаев перулік Хосе Очоаны (8–2) төрешілердің шешімімен жеңіп, UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізген еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или