Александр Бублик әлем рейтингінде бес саты жоғары көтерілді

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) спортшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Рейтингте бірінші орында италиялық Янник Синнер, одан кейін испаниялық Карлос Алькарас пен неміс Александр Зверев тұр.
Өткен аптада Китцбюхельде (Австрия) өткен турнирде жеңіске жеткен қазақстандық теннисшілердің ең мықтысы Александр Бублик бес сатыға көтеріліп, 25-ші орынға көтерілді. Айта кетейік, Бубликтің ең жоғары жетістігі өткен жылы ATP рейтингінде 17-орын болды.
Қазақстанның тағы бір өкілі Александр Шевченко тоғыз сатыға көтеріліп, 101-орынға тұрақтады. Михаил Кукушкин екі позиция төмен сырғыды — 195-ші.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или