Жағажай футболы: Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жолдама алды

Италияның Кастелламмаре ди Стабиа қаласында өтіп жатқан Еуролига аясында (EBSL 2025 – Euro Beach Soccer League) Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық футболшылар В дивизионында Румыния, Норвегия және Мальтамен сынға түсті. Ел құрамасы бүгін Мальтаны 5:4 есебімен жеңіп, элиталық дивизионға жолдама алды. Олар бұдан бұрын Норвегиядан 6:4, Румыниядан 3:2 есебімен басым түскен еді.
Нәтижесінде қазақстандық футболшылар барлық кездесуде жеңіске жетті.
Жарыс алдында ұлттық құрама 20-24 шілде аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізді.
Ұлттық құраманың аға бапкері міндетін Артем Ерохнович атқарды. Ол төмендегі футболшыларға сенім артты.
Ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Дастамиден Дагиев («Арман»), Дмитрий Бровко («Barqy»);
Қорғаушылар: Игорь Демешко, Михаил Кайзер (екеуі де – «Арман»), Әбдіқадыр Құрбанов («Омега»), Нұрдәулет Болатбек («Малайсары»);
Шабуылшылар: Айдын Маликов («Малайсары»), Артур Деринг, Нұрлан Жүнәсов (екеуі де – TK B&A), Арман Шотанов («Barqy»), Владислав Шевчук, Алан Мыңбаев (екеуі де – «Арман»).