7,5 миллионға ауысқан өзбек футболшысы Түркияда медициналық сынақтан өтті

7,5 миллионға ауысқан өзбек футболшысы Түркияда медициналық сынақтан өтті

Мәскеудің ЦСКА және Өзбекстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Аббосбек Файзуллаев Түркияның "Истанбул Башакшехир" командасына ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ЦСКА ФК коммуникациялар жөніндегі директоры Кирилл Брейдо хабарлады.

"Аббос медициналық тексеруден өтті, ол Стамбулда. Клубтар төлемге қатысты келісімді аяқтауда," - деп жазды клубтың баспасөз қызметі,

Sport24.ru хабарлағандай, трансфер құны 7,5 миллион еуроны құрайды.

Еске салайық, өткен маусымда 21 жастағы Аббосбек Файзуллаев ЦСКА сапында 39 матч өткізіп, үш гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или