Алматыда Денис Теннің атына арналған көше берілуі мүмкін

Алматыда аты аңызға айналған мәнерлеп сырғанаушының құрметіне көше атын өзгерту жоспарлануда, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматы билігі бірқатар көшелердің атын өзгерту мүмкіндігін қарастыруда. Солардың бірі, дәлірек айтсақ, Бостандық ауданы, Архат ықшамауданындағы 7-ші көшеге 2014 жылы Сочиде өткен қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, осыдан жеті жыл бұрын Алматыда қаза тапқан атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің есімі көп ұзамай жазылады.
Бұған қоса, билік ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Анатолий Храпатийдің есімін тағы бір көшеге (Медеу ауданындағы 12-ші) беруді көздеп отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или