Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы жол апатына ұшырады

Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы жол апатына ұшырады

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында болған апат салдарынан көлікте болған екі жолаушы қаза тапты.

HALYQSTAN Telegram-арнасының хабарлауынша, көлікті Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова басқарған. Автокөлікте онымен бірге ұлы және екі құрбысы болған. Олар Қарағандыдан Алматыға қарай жол тартқан.

Toyota Land Cruiser көлігі Алматы-Екатеринбург тасжолының 296-шақырымында, Ақсүйек ауылының маңында апатқа ұшыраған. Алдын ала мәліметке сүйенсек, жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Апат салдарынан 39 және 35 жастағы екі жолаушы оқиға орнында көз жұмған.

Гүлайым Рахмонова мен үш жастағы ұлы Шу қалалық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын «орташа ауыр» деп бағалаған.

Полиция жол қозғалысы ережесін бұзу арқылы екі немесе одан да көп адамның өліміне себеп болғаны бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или