«Ұлытау» украиналық футболшымен келісімшартқа отырды

Жезқазғанның «Ұлытауы» 32 жастағы украиналық шабуылшы Дмитрий Юсовпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Юсовтың кейінгі клубы румыниялық «Униря 04 Слобозия» болды. 2024/25 маусымында Дмитрий команда сапында 22 матч өткізіп, бір ғана гол соққан. Дегенмен, басым бөлігінде шабуылшының қосалқы құрамда алаңға шығып, орта есеппен 35 минут алаңға шыққанын айта кеткен жөн.
Сондай-ақ Дмитрий Юсов украиналық «Металлург» (Запорожье), «Чорноморец» және «Металлист», беларусьтік «Гранит», «Слуцк», «Торпедо-БелАЗ», «Ислоч» және «БАТЭ» және Молдованың «Дачия» командаларында ойнаған. Сонымен қатар, ол Украинаның жастар (21 жасқа дейінгі) құрамасында ойнады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или