Қазақстандық файтер ACA лигасымен келісімшартқа отырды

Қазақстандық файтер ACA лигасымен келісімшартқа отырды

Қазақстандық файтер Дәурен Ермеков ACA лигасымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты  MMA.metaratings.ru.сілтеме жасап.

Спортшы орта салмақта өнер көрсетеді. Бұл туралы лига әлеуметтік желілерінде хабарлады.

Ермеков кейінгі жекпе-жегін биылғы жылдың ақпан айында «Наше Дело» лига турнирінде Дмитрий Арышевқа қарсы өткізген болатын. Бұл жекпе-жекте Дәурен бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіліп қалды.

Ермековтің ММА-дағы дебюті 2012 жылдың қазан айында өтті. Онда ол жерлесі Нұртас Әлімбаевпен кездесті. Жекпе-жектің екінші раундында техникалық нокаутпен Дәурен жеңіске жеткен. Оның 15 жеңісі мен алты жеңілісі бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или