Джошуа Ван Асу Алмабаевтың шақыртуына жауап берді

Абу-Дабиде өткен UFC on ABC 9 турнирінен кейін Асу Алмабаевтың жекпе-жекке шақыртуына мьянмалық файтер Джошуа Ван қысқа ғана жауап қайтарды.
Ван өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Smh» (ағылшынша «shaking my head» — «бас шайқау») деген жазумен бірге күліп тұрған эмодзи қалдырды.
Еске салайық, Асу Алмабаев бұл турнирде перуандық Хосе Очоаны төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен жеңіп, кәсіби мансабындағы 22-ші жеңісіне қол жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или