«Үш раундты да алды». Алмабаевтың бапкері жекпе-жектің маңызды сәтіне тоқталды

«Үш раундты да алды». Алмабаевтың бапкері жекпе-жектің маңызды сәтіне тоқталды

DAR Pro Team командасының бас бапкері Эдуард Базров Асу Алмабаевтың соңғы жекпе-жегі туралы ойын бөлісті. Айта кетейік, дәл осы командада Шавкат Рахмонов та жаттығады.

«Бастысы - өз жұмысымызды орындап, жеңісті жолға қайта оралдық. Үш раунд бойы мықты қарсыласты толық бақылауда ұстадық. Ол оңай бәсеке болмайтынын білгенбіз, сол себепті барынша дайын болдық. Асу жекпе-жекке қойылған жоспарды толық орындады. Өте қуаныштымын», - деді Базров.

Асу Алмабаев 26 шілде күні Абу-Дабиде өткен UFC Fight Night турнирінде перулік Хосе Очоаны төрешілер шешімімен жеңіп, рекордын 22 жеңіске жеткізді. Оның UFC-дегі көрсеткіші - 5 жеңіс, 1 жеңіліс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или