ММА-сарапшысы Асу Алмабаевқа қазір Ванмен жекпе-жек бермейтініне сенімді

Асу Алмабаев 26 шілдеде Абу-Дабиде өткен UFC Fight Night турнирінде америкалық Хосе Очоадан айқын басым түсіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Ол жекпе-жек бойы қарсыласын әрі стойкада, әрі партерде толық бақылауда ұстады.
Жекпе-жек аяқталысымен Асу микрофон алып, наилегжей салмақтағы №1 үміткер Джошуа Ванға ашық шақыру тастады. Алайда ММА комментаторы әрі сарапшы Арман Абдрахманов бұл жекпе-жектің жақын арада өтуі екіталай екенін айтты.
«Жалпы, жекпе-жегі жаман болған жоқ. Ең бастысы — жеңіс. Бірақ осындай өнерден кейін UFC матчмейкерлері оған Ванды бере қояды деп ойламаймын. Жалғыз мүмкіндік — топ қарсыласқа орнына шығуға дайын тұру», — деді Арман «Спорт Шредингеріне» берген пікірінде.
Оның ойынша, Асу үшін ең қисынды әрі пайдалы шешім — қазан айында өтетін UFC 321 турнирінде Тагир Уланбековпен реванш өткізу. «Бұрын Fight Nights-та Асу Тагирден ұтылған. UFC-де қарымта кездесу — екі жаққа да мотивация. Оның үстіне Тагир — матчмейкерлерге ыңғайсыз қарсылас. Оны жеңу — үлкен қадам», — деді Абдрахманов.