«Эвертон» Малик Фофанды сатып алуға ниетті

«Эвертон» Малик Фофанды сатып алуға ниетті

Англияның «Эвертон» клубы «Лион» шабуылшысы Малик Фофанды қатарға қосуға қадам жасап, трансфері үшін 35 миллион еуро ұсынды.

Бұған дейін 20 жастағы бельгиялық ойыншыға «Ливерпуль» де қызығушылық танытқаны хабарланған. Ағылшын клубы оны Федерико Кьезаның орнын басатын әлеуетті ойыншы ретінде қарастырып отыр.

Фофан өткен маусымда керемет өнер көрсетті: 41 матчта 11 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Қазіргі келісімшарты 2028 жылға дейін жарамды, ал Transfermarkt порталы оның нарықтағы құнын 30 миллион еуро деп бағалауда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или