Леброн Джеймс маусым соңында «Лейкерстен» кетуі мүмкін

Леброн Джеймс маусым соңында «Лейкерстен» кетуі мүмкін

«Лос-Анджелес Лейкерс» шабуылшысы Леброн Джеймс 2025/26 маусымынан кейін командадан кетуі ықтимал. Бұл туралы инсайдер Марк Стайн мәлімдеді.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, келісімді бұзу туралы бастаманы клубтың өзі көтеруі мүмкін. Сол кезде Джеймс 41 жасқа толады.

Өткен маусымда Леброн 70 ойын өткізіп, орта есеппен 24,4 ұпай, 8,2 нәтижелі пас және 7,8 рет доп қағып алған. Ол «Лейкерс» сапында 2018 жылдан бері ойнап келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или