Асу Алмабаев жеңісінен кейін Шавкат Рахмоновқа алғыс айтты

Асу Алмабаев жеңісінен кейін Шавкат Рахмоновқа алғыс айтты


Асу Алмабаев Абу-Дабиде өткен UFC on ABC 9 турниріндегі жеңісінен кейін әсерімен бөлісті. Ол перулік Хосе Очоаны ұпай санымен жеңіп, кәсіби мансабындағы 22-жеңісіне қол жеткізді.

Қазақ файтері бұл жекпе-жектегі басты тірегі — Шавкат Рахмонов болғанын атап өтті. «Біз Шавкатпен бір командадамыз. Бір-бірімізге айқайламаймыз, сезімді сыртқа шығара бермейміз. Бірақ әрқайсымыз бір-біріміз үшін уайымдаймыз. Ол менің жеңіске жеткенімді қалайды, мен де оның жеңістерін қалаймын», — деді Асу.

Ол жекпе-жек тым көрікті болмағанын мойындап, Рахмоновтың кеңесіне құлақ асқанын айтты. Раунд арасында Шавкат: «Ұр! Қашпа!» деп нақты нұсқау берген.

Айта кетейік, Очоа бұл кездесуде мансабындағы екінші жеңіліске ұшырады. Оның рекорды — 8 жеңіс, 2 жеңіліс, 1 жарамсыз деп танылған жекпе-жек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или