Аты шулы Арсланбек Махмудов келесі жекпе-жегін қазан айында өткізеді

Ауыр салмақта жұдырықтасатын Арсланбек Махмудов 11 қазанда шаршы алаңға оралады. Ол британдық Дэвид Алленмен қолғап түйістіреді. Жекпе-жек Шеффилд қаласында өтетін Matchroom промоушенының кешінде, DAZN платформасында тікелей көрсетіледі.
36 жастағы Махмудов маусым айында Гвидо Вианеллодан жеңілген сәтінен кейін жылдам қалыпқа келіп, Рикардо Браунды бірінші раундта нокаутпен тоқтатқан болатын.
Ал 33 жастағы Аллен үшін бұл айқас — Джонни Фишерден алған күтпеген жеңісінен кейінгі келісімшартпен кепілдендірілген екі жекпе-жектің алғашқысы. Мамырдағы сол реванштан кейін оған деген қызығушылық күрт артты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или