Жоау Феликс Сауд Арабиясына ауысуы мүмкін

Португалиялық жартылай қорғаушы Жоау Феликс мансабын Сауд Арабиясында жалғастыруы ықтимал. БАҚ мәліметінше, Криштиану Роналду ойнайтын «Аль-Наср» клубы «Челсимен» футболшыны толық сатып алу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр.
Трансфер құны шамамен 44 миллион фунт стерлингке бағалануда.
Бұған дейін Феликс «Бенфикаға» қайта оралуы мүмкін деген ақпарат тараған еді. Алайда қазір оған басты үміткер ретінде «Аль-Наср» алға шықты.
Айта кетейік, өткен маусымның екінші жартысында футболшы «Милан» сапында арендада ойнаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или