Ермахан Әнуарбек Улан-Батордағы «Үлкен дулыға» турнирін сәтті бастады

27 шілдеде қазақстандық дзюдошы Ермахан Әнуарбек Улан-Баторда (Моңғолия) өтіп жатқан беделді «Үлкен дулыға» турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
90 келіге дейінгі салмақтағы алғашқы белдесуінде Әнуарбек Грузия өкілі Николос Давладзеден басым түсіп, жарыстың келесі айналымында жолдама алды.
Екінші айналымда қазақстандық спортшы Ресей атынан шыққан Ихван Еділсұлтановпен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или